Мәтінді оқыңдар, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, диалог құрыңдар. жиналыс) бірлестік деген мағынада жұм- Оқылым 1. «Еркін жазу» әдісімен Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ойларыңды жазыңдар, Ассамблея (фр. «assemblée » салады. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның маке саты – қазақ халқының қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайтудағы рөлін көрсете отырып, этносаралық келісімді қамтамасыз ету, қазақстандық патриотизм және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру. Бүгінде Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлт өкілдерінің мәдениеті, тілі, салт-дәстүрі дамуы үшін барлық жағдай жасалған. 800-ден аса этномәдени бірлестіктер мен 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде телебағдарламалар жұмыс жасауда. Өзбек, тәжік, ұйғыр, украин және орыс тілдерінде білім беретін мектептер бар. Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы, Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері өтеді... ( «Ұлттық энциклопедиядан»)