Мәтінді оқыңдар, мәтін мазмұны бойынша сұрақтар дайындап, диалог құрыңдар. «Еркін жазу» әдісімен Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ойларыңды жазыңдар.

Ассамблея (фр. «assemblée» жиналыс) бірлестік деген мағынада жұм-
салады. 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Ассамблеяның мақ-
қазақ халқының қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты
нығайтудағы рөлін көрсете отырып, этносаралық келісімді қамтамасыз ету,
қазақстандық патриотизм және бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру.
Бүгінде Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлт өкілдерінің мәдениеті, тілі,
салт-дәстүрі дамуы үшін барлық жағдай жасалған. 800-ден аса этномәдени
бірлестіктер мен 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар, 7 тілде
телебағдарламалар жұмыс жасауда. Өзбек, тәжік, ұйғыр, украин және орыс
тілдерінде білім беретін мектептер бар.
Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының
сессиясы, Әлемдік дәстүрлі діндер көшбасшылары съездері өтеді...​

Николь28071547 Николь28071547    2   27.01.2021 18:00    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi