Мәтінді оқы.      «Байланыс» дегеніміз — ой, пікір немесе ақпарат алмасу. Ол сөйлеу, жазу немесе
әрекет арқылы жүзеге асуы мүмкін. Ойды жеткізудің тәсілі көп. Олардың хатарында хат жазу, теледидар, радио, компьютер және тағы басқа қатынас түрі бар.
Александр Грэхам Белл 1876 жылы телефонды ойлап шығарды. Содан бері адамдар бір-бірімен бірнеше шақырым қашықтықтан сөйлесе алатын болды («Оқушының алғашқы энциклопедиясынан»).
     Адамдар жазу материалы ретінде пергаментті, иленген теріні пайдаланған. Кейбір халықтар қайыңның қабығына жазған. Тибет кітабы қабат-қабат жиналатын жұқа тақтайшалардан жасалған. Аппақ қардай, өзі жұқа керемет парақтар алғаш рет Шығыс елдерінде жасалған. Жазылған ақпаратты алыс қашықтыққа жаяу не салт атпен, күймемен, кемемен жеткізген. Кейде бөтелкеге салып, мұхитқа лақтырған. Ал қазіргі кезде біз қалта телефон арқылы хабарлама жазып не сөйлесіп тез ақпарат аламыз.

1-тапсырма. Мәтіннен септік жалғауы арқылы байланысқан сөз тіркестерін тауып, жаз. Оларды байланыс түріне қарай талда.

2-тапсырма. Жақша ішіндегі қажетті сөздерді дұрыс тұлғада қойып, сөйлемді жаз.
1. 1965 жылы қазақ телевизиясы 5 сағаттық бағдарламамен тұңғыш рет одақтық аренада (соғу, шығу, орнау).
2. Содан бері жыл сайын 3 қазанда Мәскеуден тікелей эфирге шығып (отыру, жату, жүру). 3. Орталық телевизияның «Көгілдір от» залында Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова, Сәбира Майқановалар туралы (жазу, айту, көру).
4. Қазіргі кезде компьютерлік техника барлығын өзі реттеп (отыру, жазу, кіру).

3-тапсырма. Төменде берілген ұялы телефондар жайлы не айтар едің? Олардың қандай ерекшеліктерін білесің? Мәтінде айтылған алғашқы телефоннан айырмашылығы қандай?

4-тапсырма. Өзіне ұнайтын бағдарламаны жүргізетін тележүргізуші туралы шағын мәтін жаз. Мәтінде телехабарда көтерілетін мәселелер, тележүргізушінің сөйлеу мәнері және т.б. туралы ақпараттарды қамты.

samikby samikby    1   20.10.2020 06:59    39

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi