Мәтінді оқы. Біз қазіргі заманға сай өмір сүру үшін тамақ, жанар-жағармай, электр энергиясын қажет етеміз. Алайда біздің қуат өндіруіміз жерге зиянын тигізіп жатыр. Сенбесеңіз, мына деректерді оқып көріңіз. Климаттың өзгеруі әбден мүмкін. 2003 жылы Еуропада 70 000-ға жуық адамға ажал құштырған аптап ыстық толқындары 500 жылда бір рет қайталанып отыратын-ды, ал өткен жылы жарияланған зерттеуге сәйкес, қазіргі жаһандық жылыну деңгейінде мұндай жағдай 40 жылда бір келеді екен. Мәселе ыстықта ғана емес. Жаһандық жылыну құрлық пен мұхиттың ылғалын ауаға ұшырады. Жаңбыр аз жауатын аймақта қуаңшылық одан бетер күшейіп кетеді. Ал жаңбыр немесе қар жауса, шамадан тыс көп түсуі мүмкін. Мәселен, Париж не Хьюстондағы 2016 жылғы су тасқынын еске алыңыз. Жалпы, климат өзгеруі әсерінен болған, апаттар көбейіп келеді. 1. 2003 жылы болған оқиғаны анықта. А. Хьюстендегі аптап ыстық В. Еуропадағы су тасқыны С. Париждегі су тасқыны D. Әлемдегі су тасқыны Е. Еуропадағы аптап ыстық 2. 2016 жылы болған оқиғаны анықта. А. Хьюстендегі аптап ыстық В. Еуропадағы су тасқыны С. Париждегі су тасқыны D. Әлемдегі су тасқыны Е. Еуропадағы аптап ыстық 3. Мәтінде көтерілген мәселенің туындау себебін анықта 14:26