Мәтінді оқу,тақырып қой. Прочитайте текст,озаглавьте текст Ертеде бір ханның жалғыз ұлы болады.Бір күні ханның ұлы аң аулауға шығып.жайлып жүрген бір топ құланға кезігеді. Ханның ұлы үйірді бастап жүрген құланды атады. Жараланған құлан ханның ұлын тұяғымен теуіп өлтіреді.

Баласын бірнеше күн күтіп,аңшылықтан оралмаған соң бір сұмдықтың болғанын сезген хан «Кімде-кім ұлым туралы жаман,қайғылы хабар жеткізсе,көмейіне қорғасын ерітіп құямын!»- деп ,жар салады.

Бұл хабарды естіген халық ханның алдына барып,көңіл айтудан қорқады.Не істерлерін білмей қатты қиналған уәзірлер ел ішіндегі атақты күйшіге келіп өтініш айтады. Күйші ханның алдына келіп,рұқсатын алған соң,домбырасын қолына алып, бір күйді ойнайды. Күңіренген күйдің сазымен аңшылық көрініс ,ашулы құландардың тұяқтарының дүрсілі,жалғыз ұлының қаза тапқаны ханның көз алдынан өтіп жатады.Күйдің құдіретінің арқасында хан болған жайды түсініп,егіліп жылайды.

Міне,қазақ домырасының құдіреті осында екенін түсінуге болады.



zybi zybi    3   03.03.2021 08:49    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi