Мәтінді негізге ала отырып, жануарлардың алуантүрлілігіне график құрыңыз. Қазақстан жері табиғатының сұлулығымен ғана көзге түспейді. Онда мекендейтін жан- жануарлар мен өсімдіктердің де көптігімен ерекшеленеді. Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б. бұдан да көп. Жәндік түрлерінің өзі 30 мыңнан асады. Кең байтақ қазақ жерін мекендеген жабайы жануарлардың тәжірибелік маңызы бар: олардың кейбіреулері (ақ бөкен, марал, жабайы шошқа, ондатр, суыр) ауланады, екінші біреулері – өсімдік пен жануар зиянкестері (саршұнақ, тышқан, т.б.) мал мен адам ауруларын таратады. Кемірушілер: қансорғыш кенелер аталған аурулардың кең етек алуына себепкер болып, малға бірқатар қан-паразиттік аурулар жұқтырады.