.Мәтінді мәнерлеп оқы. Мұғалімнің көмегімен өлеңнің мазму- нын түсін.
Ал сен қалай бағыттадың нұрыңды?
Жасырмай айт,
Жасқанбай айт сырыңды, —
деп қария ұяң шәкірт — жас Әбуге бұрылды.
Әбу айтты:
Менде де бар бір арман
Маздап жанып, қол бұлғайтын шынардан.
Ұлы баба, бірақ менің арманым
Парыз бенен махаббаттан құралған.
Шамын жақсам ғылым менен өнердің,
Елімді зор мерекеге бөлермін.
Бұл сапарым азапты да шығар-ау,
Не де болса, пешенемнен көрермін.
Мейлі мәңгі жарымайын киімге,
Мейлі түйір нан қалмасын үйімде,
Мейлі ұлының еңбек етіп арымен
Жүргендігін ұғынбасын қалың ел.
Мен өзіме риза емеспін, елімнің
Сүйеніші бола алмасам егер де.
„Ал Әбу ше?