Мәтінді мұқият өқып , төмендегі тапсырмаларды орындаңыз … Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті. «1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды. — Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңынан ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді - фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» - деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді… Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия қаза болар алдында бір күн бұрын сіңлісіне хат жазған екен.Әлия Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты…
(150 сөз)
1 тапсырма . Берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.
(Найдите антонимы, синонимы к данным словам.)
Жаужүрек(смелый) (антоним) -

Шайқас (битва) (синоним) -
(1ұпай)
2 тапсырма. Мәтін мазмұнына сай берілген 2 дұрыс , 2 бұрыс ақпараттарды белгілеңіз.
(Отметьте 2 правильные, 2 неправильные информации, приведенные в соответствии с содержанием текста.)
Ақпараттар + дұрыс - бұрыс
Әлия қаза болар алдында үш күн бұрын сіңлісіне хат жазған екен
Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты
Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты
Бұл 18 қаңтар күні болатын.
Это СОЧ,

veshiyoleg veshiyoleg    2   24.05.2021 17:04    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi