Мәтінді мұқият тыңдап , негізгі және қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз . Екі дос Ертеде , ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып , дос болады . Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды . Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды . Тонаған мал - мүлiктерiн тиеп кетеді . Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді . Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі . Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп , жау жатқан жағаға келеді . Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады . Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді . Алып барған соң , ол жаудың қолбасына : - Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп , сатып алуға келдім . Менің оғанайырбасқа берер мал - мүлкім жоқ . Бір - ақ нәрсе беремін . Ол - өзімнің өмірім . Досымды босатсаңдар , ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім , - дейді . Қолбасы ойланып отырып , оны сынамақ болады да : - Жарайды , мен сені қыршыныңнан қимай - ақ қояйын . Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды , - дейді . Ол не ? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт . - Маған сенің көздерің керек , - дейді қолбасы . - Ол да болсын , көзімді ал да , досымды босат , - дейді жігіт . Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді . Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып , зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады . Мұны көрген жаудың қолбасшысы : « Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп , қапыда бас салған жағдайда болмаса , бетпе - бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар » , - деп түйеді . Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен .