Мәтінді мұқият тыңдап, автор көзқарасы мен көтерілген мәселені өмірмен байланыстырыңыз. Зұлмат соғыс... Осы бір шағын тіркесті айта қалсаң, көз алдыңа әлемнің ауыр қасіреті келеді. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімі мен жанқиярлық ерлігін көрсетті. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақстандық Кеңес Одағының Батырлары арасында
Қарулы күштердің барлық түрлері мен құрамаларының өкілдері, мамандары және қатардағы жауынгерден дивизия командиріне дейінгі әскери атағы бар адамдар болды. Олар: Талғат
Бигельдинов, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқалары.
1941 жылдың ызғарлы 15–16 қарашасында басқыншы неміс фашистері Кеңестер Одағының астанасы – Мәскеу қаласына жойқын шабуылын бастады. Қазақстанда жасақталған генерал Иван Панфиловтың басқаруындағы 316-атқыштар дивизиясының 1075-атқыштар полкінің жауынгерлері мұздай қаруланған екі есе көп жауға Дубосеково разъезінің түбінде қатты қарсылық көрсетіп, тарихта өшпес ерлік жасады. Оның ішінде 28 панфиловшы батырдың бір қадам кері шегінбей, қасық қаны қалғанша айқасатыны да осы тұс.
Жауға қарсы шайқастар майданның алдыңғы шебінде ғана емес, алыстағы қазақ ауылдарында да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына
аналық мейірімімен тарта білді. Қазақстан халқы күн-түн демей астық алқаптары мен зауыттарда еңбек етіп, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.
Еңбек даласында бел жазбай жұмыс істеген әйелдерсіз, қарттарсыз, буыны бекімесе де,иықтарына үлкен ауыртпалық түскен жасөспірімдерсіз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе?!

umkhaev013suleiman umkhaev013suleiman    1   08.04.2021 18:30    1

Ответы
beregnoy2017 beregnoy2017  08.04.2021 18:40

Автор бұл жерде қазақ елінің потреттарын батырларын айтып отыр.Оның көзқарасы бойынша болашақ балаларда сондай болғанын қалайды

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi