Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно прочитайте текст и выполните задания ниже.
Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстанда орыс, дүнген, неміс, татар, ұйғыр, кәріс, түрік, қытай, өзбен,
корей, украин және т.б. тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ
жая қарсы алды. Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай
жасады.
Қазақстан – түрлі ұлт өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы
тарихтың түрлі кезеңдерінде басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен ба-
уырына басты. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін
қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде
барлық ұлттың өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір
сүріп келеді.
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен
туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы
Н. Ә. Назарбаев жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бейбітшілік мекені
болуы керектігін міндет етіп қойды.
1. Қазақ халқы кімдерді құшақ жая қарсы алды? ответьте на во по тексту
2. Мәтіннен есімдіктерді теріп, олардың түрлерін жазыңыз. Выпишите из текста все местоимения и укажите их разряд.
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді? Какая пословица подходит по смыслу к тексту?
А) Әке балаға сыншы
В) Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
С) Айлалы батыр алдырмас.
Д) Күш — бірлікте.
4. Берілген сөздің синоним мәтіннен тауып жазыңыз. Найдите в тексте к слову «жұрт» синоним и запишите
а) жұрт
Берілген сөздің антоним мәтіннен тауып жазыңыз. Найдите в тексте к слову «соғыс» антоним и запишите
в) соғыс