Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Внимательно прочтите текст и выполните указанные ниже задачи. Таблица прекплена фото

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.


Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Внимательно прочтите текст и выполните указ

magdigadjiev magdigadjiev    3   15.01.2021 09:02    0

Ответы
Marina11231 Marina11231  15.01.2021 09:10

бір көзіңді қаншаға Сатар едің

Қария зарлап отқан жігіттің қасына келеді.

екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен.

Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.

Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт.

жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып

Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.

осы болады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi