Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз Табиғат. Табиғат пен адам қатар ұғым. Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүруі мүмкін емес. Табиғат тіршіліктің құт - берекесі. Табиғатты қорғау – міндетіміз. Адам табиғаттың патшасы деген ұғым бар. Сондықтан табиғат адам үшін асыл ана. Өйткені а табиғаттан бар керегін алады. Табиғат - а ң өмір сүретін ортасы.
Табиғат тақырыбы әдебиетте үлкен орын алды. Абайдың да ерекше жырлаған тақырыптарының бірі табиғат болды. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» «Жазғытұры» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көз алдыңа елестейді. Жайдары жазды, түсі суық тұманды күзді, не болмаса сақылдаған аяз бен қарлы боранды өзің көріп тұрғандай боласың.
Абай табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттейді. Ол қай мезгілді суреттесе де, оның шындық бейнесін көрсетеді. Табиғатты өз оқырмандарына аса шеберлікпен таныстырады
1. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
А) әдебиет
В) шеберлік
С) табиғат
Д) а [1]
2. Табиғаттың шындық бейнесін суреттеген ақын кім?
А) Ыбырай Алтынсарин
В) Абай Құнанбаев
С) Фариза Оңғарсынова
Д) Сәкен Сейфуллин [1]
3. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.
/оқиғамен, шеберлікпен, шындық, құбылыспен/
Абай табиғатты аса суреттейді. [1]