Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазір Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған. Әр спорттың түрінен әлемге танылған спортшылар аз емес. Қазақстан спорты жылдан жылға дамып келеді. Қазақстаннан 1996 жылы Атланта қаласында өткен олимпиадаға 94 спортшы қатысса, 2000 жылғы Сидней олимпиадасында 130 спортшы бақ сынады. 2004 жылғы Афины олимпиадасына 114 спортшы, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында 129 спортшы додаға түсті. 2012 жылғы Лондон олимпиадасы аса сәтті болды, 7 алтын, 1 күміс, 5 қола медаль алған қазақстандықтар 204 елдің арасынан 12-орынды еншіледі.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио-де-Жанейро қаласында ұйымдастырылды. Бұл олимпиада 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді. Бұл олимпиадаға 146 елдерден 5412 спортшылар қатысты. Спорттың 28 спорт түрінен 306 комплект медальдар берілді. Ойындар Рио - де – Жанейро қаласындағы «Маракана» атты спорт кешенінде өтті. Рио Олимпиадасына Қазақстаннан әлемдік бәсекеге 26 спорт түрінен 104 спортшы қатысып, бақ сынады. Қазақстандықтар барлығы 17 медаль (3 алтын, 5 күміс, 9 қола) жеңіп алды.

Біз жүзуден - Дмитрий Баландин, боксшы - Данияр Елеусінов, Василий Левит; дзюдодан - Елдос Сметов; ауыр атлеттер – Жазира Жаппарқұл, Ниджат Раxимов және басқа да спортшыларымызбен мақтанамыз.

1.Берілген сөйлемдерден бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз. [1]

Тұжырым Шын Жалған

Қазақстанда спорттың көптеген түрлерінен әлемге танылған спортшылар аз.

XXXI жазғы Олимпиада ойындары Бразилия мемлекетінде, Рио - де – Жанейро қаласында ұйымдастырылды.

Рио Олимпиадасында Қазақстандықтар 3 алтын, 5 күміс, 9 қола жеңіп алды.

2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

көп (антоним) - [1]

дүние жүзіне (синоним) - [1]

4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3). [1]

Мәтіндегі ақпараттар Реті

А Рио олимпиадасы 2016 жылдың 5 - 21 тамыз аралығында өткізілді.

В Біз танымал спортшыларымызбен мақтанамыз.

С Қазақстанда спорттың барлық түрі дамыған.

5. Сұраққа толық жауап жазыңыз.

Рио Олимпиадасы қайда өтті? [1]

ЖАЗЫЛЫМ [10]

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмыста етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.

1. Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы.

Бір күні кішкентай бауырыңыз сізден көмек сұрады. Оған пән мұғалімі «Олимпиада чемпионы» деген тақырыпқа ақпарат жазып келуді тапсырған. Сіз бауырыңызға көмек көрсету үшін қандай олимпиада чемпионы туралы ақпарат айтасыз? Ақпаратты жазыңыз.

2. Жер байлығына аяулы көзқарас.

Еліміз қазба байлықтарға бай. Қазақстанның әр жерінен түрлі қазбалар кездеседі. Бірақ қазіргі кезде Жер-Ана адамдарға өте ашулы. Жер-Ана не себептен ашуланды деп ойлайсыз? Жер-Ананың монологін жазыңыз.

Marusya2099 Marusya2099    3   17.03.2021 11:19    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi