Мәтінді мұқият оқып шығып, құрылымын ескере отырып, күрделі жоспар құрыңыз. Жалған солдат болуға біздің құқымыз жоқ. Біз ерліктің екі бірдей мектебінен тәлім алдық. Біз шығыстың Қобыланды, Тарғын сияқты батырларынан ерлікті бір үйренсек, бауырлас орыс халқының қолбасшылары Суворов, Кутузовтардан екі үйрендік. Біз – Исатай мен Махамбетті, Амангелді мен Абайды дүниеге әкелген халықтың балаларымыз. Біздің қылышымыз фашист немістің қанымен суарылуы керек, серт осы болсын.
Әрине, немістің басына күн туса, минометті ала жүгіретін әдеті... Міне, мина ұшып келеді. Оның дауысы бізге мәлім... Бірінен соң бірі он шақты мина жарылғанда, тулаққа салып жүн сабап жатқандай болып естіледі. Тіс қаққан, күзем тойда болған қазақ жігіттері «Фрицтерге күземге кірісті» деп күлісіп тұрады. Жау оғының астында қасқайып күлісіп тұрған шығыс адамдарын жаным сондай сүйеді. Иә, біздің халық намысқой, «өлімнен ұят күшті» дейтін халық қой, сірә! Ел намысы үшін білген, ер өлімі бізде қадірлі, сондықтан біз өлімнен намыс күшті дегенді жау оғының астында да қайталап айтамыз.
Нағыз қиыншылық кезеңде менің көз алдыма шығыстың 28 батырының бейнесі елестейді. Жазғытұрым сол 28 батырдың бейітінің үстінен өттік. Шығыстың топырағы торқа ерлері жер астында жатқанменен қолын қысып амандасқың, тілдесіп сөйлескің келеді. Осыларша өлу біздің де дәстүріміз болуы керек. Отан: «Жауынгер, менің тағдырым сенің қолыңда»,-дегенде 28 батырдың сертін жоғары көтеріп, бас иіп жауап беруіміз керек оған, Шығыс ұлы!
Немістер бізді әрі минометтің, әрі артиллерияның снарядтарымен атуда. Оқ астымен келіп шабуыл жасамақ. Танктің алыстан шуы естіледі. Қарсы атакаға дайындалыңдар деген команда беріледі. Мықты бол, Шығыс ұлы! Біз қазір шабуылға шығамыз...
Жоспар

І. Кіріспе:
1.

ІІ. Негізгі бөлім:
1.

ІІІ. Қорытынды:

dzikita2 dzikita2    1   26.04.2021 14:29    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi