Мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. (Прочитай текст, ответь на вопросы. ответы должны быть полными) Алуа жұлдызды, аспанды ұнатады, сондықтан аспан әлемінің құпиясы туралы көп оқиды. Аспан әлемінің құпиясы шексіз. Ол жұлдыздардың қозғалысын бақылайды. Жұлдыз газдан, плазмадан тұрады. Күшті қызған жұлдыздар жарық шығарады. Күн де, жұлдыздар да – аспан денелері. Күн жерге жақын. Сондықтан күн үлкен болып көрінеді. Жұлдыздар Жерден алыс орналасқан. Сондықтан олар кішкентай болып көрінеді. Түнде аспаннан 6 мыңдай жұлдызды көруге болады. Аспан әлемін бақылайтын адамдарды «жұлдызшы» деп атаған. Жұлдызшылар ауа райын, көктемнің келуін, жаздың шығуын болжаған. Ежелгі түркі жұлдызшылары «Жетіқарақшы», Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы жұлдыздарын ашқан. Алуа болашақта астроном болғысы келеді.
1. Жұлдыз неден тұрады?
2. Аспан денелеріне не жатады?
3. Ежелгі түркі жұлдызшылары қандай жұлдыздарды ашқан?
4. Алуа болашақта кім болғысы келеді?
5. «Жұлдызшы» сөзінің аудармасын жаз.