Мәтінді мұқият оқып,сұрақтарға жауап беріңіз. Әлемдегіеңкереметкітапханалар.

Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай
кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і
қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған. Міі 5
ғасырдан бастап XVIII ғасырға дейін Сен – Галль аббаттық орталық деп есептелді. Шіркеу
құрылысы 719 жылдан басталған. Бұл шіркеудің негізін салған Ирландиядан шыққан Галль
есімді монах еді. Кітапхананың кіреберісінде" жанның дәріханасы" деген жазу бар.
Залдарда сансыз көп кітап сөрелері орналасқан. Сонымен қатар бұл жерде сирек
кездесетін қолжазбалар мен құжаттар арнайы сақталатын қойма бар.Оларды ұстауға
немесе суретке түсіруге тыйым салынған.
Прага қаласында орналасқан Страговск монастырiнiң кітапханасы- адамдар тәу етіп
келетін қасиетті жер, сонымен қатар құнды архитектуралық ескерткіш, мұражай және сирек
кездесетін кітаптар сақталған кітапхана. Монастырьдің негізі 1149 жылы қаланған.
Мұндағы ең көне кітаптар XII ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130
000 кітап сақталған.
Солтүстік Америкадағы Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне
қолжазбалар кітапханасының негізі 1963 жылы қаланған. Бұл - сирек кітаптар мен
манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион
кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.
Сиэтл кітапханасы АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында
орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі 2004 жылы
тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыяды. Кітапханада оқу залдары, демалыс бөлмесі,
балалар залы, дәрісханалар, қызметтік орындар бар.

•Мәтін бойынша ойыңда не сақталып қалды?
•Кітапхана туралы қандай мәліметтер әсер қалдырды? ​

DeQwert DeQwert    3   11.05.2021 13:17    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi