Мəтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз. Төрт түлік мал – халқымыз байлығы.Қазақ халқының тарихы осы төрт түлік малмен тікелей байланысты. «Ат-ердің қанаты» дейтін дана халқымыз, жылқыны өте қастерлеген. Жылқы-мінсең көлік, жесең ет. Қазы-қарта, жал-жаясыз бірде-бір қазақ жанұясы өмір сүре алмайтын шығар. Сиыр - жесең ет, кисең киім. Оның сүтінен жасалатын айран, қаймақ, ірімшік, құртынсыз ешбіреуіміз балалық шағымызды елстете алмаймыз. Түйе малы –нағыз көлік, қымыран мен шұбаты талай рет батырларымызды ауру-сырқаттан алып қалған сынды. Қой шаруашылығы-əлі күнге дейін Қазақстанның мал шаруашылығының басты саласы. Онымен қоса, халқымыздың маманданған дəстүрлі ата кəсібі. Осы төрт түлік халқымыздың ежелден келе жатқан мұрасы жəне байлықтарының бірі. . Осы түсінік бойынша əр малдың өзіндік қасиетін өмір тіршілігіндегі қажетіне жаратып отырған. Мəселен, суық тигенде қойдың құйрық майын денеге жаққан, сынған сүйекті салуда жылқы қазысының майы қолданылған. Ал түйе сүті шұбат бойға нəр беріп, тоғайтса, жылқы сүті қымыз көңілді көтеріп, бойға қуат қосқан. Қорғасын саналған қойдың етіне қарағанда, сиыр еті қорытуға жеңіл келетіндіктен, əлсіз науқастарға жұмсақ етіп, пісіріп ұсынған.Түлік сөзінің өзі kir. tylyk: торт тулук мал четыре рода скота; Sag. Tylyk запас, средства питания дегенді білдіреді. Олай болса, тіліміздегі төрт түлік пен азық-түлік дегендердегі түлік формасы төркіндес болып шығады. Өз бетінше жайылып, тіршілік ете алу қабілетіне қарай оларды ақ мал,қара мал деп топтастырған: сыртта ақ қар, көк мұзда өз бетінше жайыла беретін жылқы ақ мал, қолдағы түйе, сиыр, қой, ешкі қара мал саналған. Төрт түліктің тұрмыстық-əлеуметтік өмірде жұмсалатын орнына қарай қазақтар түйені салтанат санаса, жылқыны мақтан еткен, қойды байлыққа баласа, сиырды қанағат еткен, ал ұсақ мал ешкіні өлместің күніне санаған.
1. Мəтін не туралы? Бір сөйлеммен ғана жауап беріңіз.
2. Мəтінге 4 сұрақ жаз.

Ромашка100500 Ромашка100500    2   15.03.2021 17:23    0

Ответы
petiteOie petiteOie  15.03.2021 17:30

Объяснение:

Вооотттт ❤❤

............


Мəтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз. Төрт түлік мал – халқымыз байлығы.Қазақ халқыны
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi