% Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.
Ұлы Отан соғысы 1941 жылы басталды. Отаның қорғаған жауынгерлердің батырлығы мәңгі есімізде
қалмақ. Соғыс жылдарында қазақ халқы Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын
дәлелдеді. Соғысқа 500-ден аса жерлесіміз қатысып, 97 жауынгер қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын
алды. Олар: Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова т.б.
Сонымен қатар, қазақстандық 310, 314 атқыштар дивизиясының жауынгерлері де ерлікпен шайқасты.
Бейсекбаев Бақтыораз - әуе атқышы, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, Ресей
Федерациясының батыры. Ол 1941 жылы 26 маусымда отқа оранған ұшақты жау танкілері мен қару-жарақ
қоймасына бағыттап, ерліктің жарқын көрінісін көрсетті. 1945 жылы Рейхстаққа ту тіккен Рақымжан
Қошқарбаев 1999 жылы Халық қаһарманы атағын алды. Шайқастарда аталарымыз бен әкелеріміз ерлік
жасап, Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктерін көрсетті.
Сұраққа жауап беріңіз.
Соғысқа неше жауынгер қазақ «Кеңес Одағының Батыры» атағын алды?
310
500
97
314​

dalelodaryn dalelodaryn    1   20.05.2021 07:00    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi