Мәтінді мұқият оқып , көтерілген мәселені 3-4 сөйлеммен жаз . Әлемнің ең үлкен кітапханасы « Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған » деп қорытындылайды профессор Ерeнғайып Омаров . Өкінішке қарай , даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен , ғылым , білім , өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті . Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік Осы кітапханадан білім алған , бүкіл әлем мойындаған Әбу - Насыр әл - Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық . Отырардың өзінде әл Фарабиден де білімі жоғары , оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін . Себебі Отырар кітапханасын әл - Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті . Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті . Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек , бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық . Ол кітаптарды сатып алу , жинақтаудан басқа кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек . Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі . Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып