.Мәтінді мұқият оқып, «Астана – өнер ордасы» деген пікірді дәлелдейтін өлең жолдарын көшіріп жазыңыз. Астана – өнер ордасы
Ән дарыған далада шыңға айналған Астанам,
Төбесінде жарқырап, күн байланған Астанам!
Жұлдыздары жамырап, ай кетпейтін Астанам,
Қыс та қиып кете алмай, жай көктейтін Астанам...
Ақтарылып ауасы, ағылатын Астанам,
Бармасам да, барсам да сағынатын Астанам.
Жадыратып жанымды мұң-қайғы алған, Астанам,
Ертегімсің сен менің шынға айналған Астанам!
Көкті сүйген көркімен таңдандырған Астанам,
Көңілінде көргеннің ән қалдырған Астанам.
Еркелеген Есілдің ағасындай Астанам,
Азаттықтың ақжолтай баласындай Астанам.
Көзін ашып, тұрғанша күн бесіктен, Астанам,
Бір жеңе алмай жарығын, түн кешіккен, Астанам...
Мен қайтер ем түс болып, өң болмасаң, Астанам?!
Мен қайтер ем жаһанда сен болмасаң, Астанам?..
шығарып берніші