Мәтінді мұқият оқыңыздар. Негізгі ақпаратты анықтаңыз, мәтіннен Астана қаласының абыройын асқақтатуға үлес қосқан елеулі оқиғаларды іріктеп жазыңыз, Неологизм сөздер
мен термин сөздерді анықтаңыздар,
Асқақтай бер, Астанам
қысқа уақыттың ішінде алаш жұртының ару Астанасы тарткүл дүние тамсанатын,
әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарыстырып, бой таластыра алатын бас қаласы
ретінде қалыптасты. Тәуелсіз Қазақстанның Елордасы жүмыр жерді толғандырған
тақырыптар талқыланатын, салиқалы саясат, тұғырлы экономика, дінаралық келісім
кеңестері өтетін жаһандық орталық дәрежесіне жетті. Соның айқын дәлеліне келсек, 2010
жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етіп, Астана
Саммитін өткізгелі бері Елорданың мерейлі мәжілістер өткізе алатын деңгейі қуаттала
түскендей болды. Айбарымызды асқақтатқан Азиаданы қоспағанда халықаралық саяси һәм
экономикалық маңызды мәселелер талқыға салынған жиындар, жоғары деңгейдегі
халықаралық шешімдер қабылданған мәжілістер соның айғағы. Бір сөзбен айтқанда,
Астана қазақ даласының ғана емес, күллі Орталық Азияның, Еуразияның да беделін алға
сүйреп келеді. Ал экспо-2017 Халықаралық көрмесі секілді жаһандық деңгейдегі
шаралардың да Астанада өткізілу Елорданың даңқын арттыра түскені сөзсіз. Расында,
ЭКСПО халықаралық көрмесі байтақ қаламыздың көркін ғана емес, даңқын асыра түсті.
Мұндай ауқымды шараның өзі еліміздің ертеңін күрт өзгерткелі түр десек артық айтқандық
емес