Мәтінді мұқият оқыңыз, тапсырмаларды орындаңыз.
Екі көрші өмір сүріпті. Қыс келіп, қар түседі. Бірінші көрші таң ертемен күрегін алып есіктің алдындағы қарды тазалауға шығады. Жолды тазалап жүріп, көршісінің жағына көз тастайды. Ал көршісінің есігінің алды тапталған тап-таза. Келесі күні таңертең тағы да қар жауады. Бірінші көрші жарты сағат бұрын тұрып, жұмысқа кіріседі, қараса - көршісінің жолы тап-таза. Үшінші күні де көп қар түседі. Бірінші көрші одан да ерте тұрып тазалауға кіріседі, ал көршісінде – жолы тағы да түп-түзу, айнадай жарқырап жатыр! Сол күні олар көшеде кездесіп, ананы-мынаны айтып сөйлесіп қалады, сол жерде бірінші көрші екіншісінен сұрайды:
Тыңдашы, көрші, сен есігіңнің алдындағы қарды қай уақытта жинап үлгересің?
Екінші көрші алдымен таң қалады да, соңынан күліп жібереді:
Мен оны тіпті де жинамаймын – маған достарым келеді!
Тапсырмаларды орындаңдар
Мәтінді қалай атауға болады?
Бірінші көрші қарды тазалауға қай уақытта шығады?
Бірінші көрші қандай адам? (сын есімді қолдан)
Екінші көрші не деді?
Мәтіннің қорытындысы бойынша қандай мақал-мәтел сай?