Мәтінді мұқият оқыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз. Үш ана қосылып, әңгімелесіп тұрды. Бірінші ана: «Менің балам өте ақылды, өнерлі, әнші, математикадан нашар болғанмен сірә болашақта керемет бір танымал кісі болар», - дейді баласын мақтап.
Екінші ана: «Біріншіден менің балам әдемі, таза киінгенді ұнатады. Ал екіншіден, ақшаның да есебін біледі. Меніңше, балам болашақта үлкен бизнесмен болады-ау», - деп мақтанады.
Үшінші ана үндемей тұрып қалады.
Сол кезде үш ана қарияның жолдан өтуіне көмектесіп, қолтығынан демеп, сөмкесін көтерісіп келе жатқан баланы көреді. Бұл үндемей қалған үшінші ананың баласы еді. Қария балаға:
«Өркенің өссін, балам!» -деп алғысын жаудырып кете берді.
Үш бала аналарына жақындады. Алғашқы екі ананың балалары аналарынан балмұздаққа ақша сұрай келді. Ал үшінші бала анасына: «Анашым, бүгінгі сабақтан «бестік» баға алдым», - деп анасын қуантты.
НАЙДИТЕ ОБОСОБЛЕННЫЕ СЛОВА (БОЛЬШЕ НЕТУ )