Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді түзетіп, дәптеріңізге жазыңыз. Қателерді түзетуде сөздіктер мен емле ережелеріне сүйеніңіз.
Жақсы кітап - жан азығы
Кітап а ң баға жетпес асыл құндылығы. Білімнің биік белестеріне жетелейтін де кітап. Француз жазушысы Дени Дидро: «Адамдар кітап оқуын қойса, ойлануын да қояды» , - деген. Ал дана халқымыз: «Кітап- қазына», - деген.
Кітап оқыған адамның ақыл-ойы, білім-парасаты кітап оқымаған адамға қарағанда әлдеқайда жоғары болады екен. Олар қоғам өміріне белсенді араласып, үнемі ізденісте жүретін көрінеді. Мұны ғалымдардың зерттеулері де растап отыр.
Бүгін жастар бос уақытында немен айналысады Көзіміз көріп жүргендей, олардың көпшілігі түрлі әлеуметтік желілердегі, ғаламтордағы жаңалықтармен танысып, жұлдыздардың жеке парақшаларын ақтарумен уақыттарын өткізіп жатыр. Бұл, әрине, көңілге кірбің ұялатады. Уақыттарын өздеріне керексіз дүниелерге арнағанша, кітап оқуға жұмсаса, құба-құп болар еді.
Бүгінде кітап оқу үшін бар жағдай жасалған. Кітапханаға бармай-ақ ғаламтордан оқу мүмкіндігі пайда болды. Оқитын кітабын телефонға жүктеп алып кез келген жерде кез келген уақытта оқуға болады. Тек кітап оқуға деген ықылас болса болғаны.