Мәтінді мұқият оқыңыз Мәтіндегі негізгі , қосымша ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз . Негізгі ақпараттың тұсына « + » белгісін , қосымша ақпараттың тұсына « - » белгісін , ал мәселенің тұсына « ? » белгісін қойыңыз . IPhone б смартфонын кұлтемірлер құрастырады Apple енімдерін құрастыратын « Foxcom Technology » компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады . Нақтырақ айтсак , iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толык кұлтемірлер арқылы басқарылатын болады , - деп хабарлайды « mashable com » сайты Қазіргі кезде « Фоксбат » ( Foxbot ) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр . Алдағы уақытта « Foxcom » зауыттарының бірі осы кұлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады . Ал Apple компаниясының мобильді кұрылғылары жансыз тезір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ . Бұл акпаратты « Foxconn » компаниясының аткарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады Гоудің жасаған хабарламасына орай , iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 « Фоксботты » іске қоспакшы екен 20 000 - нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді . « Apple Insider » акпаратына сенсек , бүгінде , Қытайда орналасқан « Foxconn » компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен . Жалпы бұл жоспар « Foxconn » компаниясында 2011 жылы басталған болатын . Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған . Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған . Дегенмен , құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып , жасалған жоспар уакытынан кешіктірілген болатын . 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарынын куат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын . Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді . Дегенмен , бар еңбек кұлтемірдің есесіне жазылмасы анык . Қалай дегенмен де , кұрастырудың бастапқы кезенде « Foxconn » компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды . Сондыктан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа көздеп отыр . Себебі біз алдында хабарлағандай , iPhone 6 смартфондарының ең кеп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уакытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады . Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр . Кытайлык жабдықтаушылар кұрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын