Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтінді ықшамдап, жинақы мәтін жазыңыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының

кітапханасы – Н.Ә.Назарбаевтың ақпараттық-идеологиялық кешені. Мекеме кітапхананың,

архивтің, музейдің, мәдени-білім беру және ғылыми-зерттеу орталығының қызметін атқарады.

Бірегей ғимарат есімі әлемге әйгілі британдық сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша

тұрғызылған. Оның құрылысы 2013 жылы көктемде тәмамдалды.

Жалпы аумағы 30 мың шаршы метрден астам ғимарат жоғарыға зер салған көздің қарашығын

бейнелейді. Сәулетшінің ойы бойынша оның қайталанбас сыртқы келбеті қазіргі Қазақстанның

өміршең қуатын білдіреді.

Келушілер www.presidentlibrary.kz ресми сайты арқылы Елбасының электрондық

кітапханасына қол жеткізе алады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қорында Н. Ә.

Назарбаевтың жеке топтамасындағы біршама жәдігерлер, мерзімді және электронды басылымдар

жинақталған: мемлекет басшылары мен олардың ресми өкілдерінің сыйлықтары, өнер туындылары

және тарихи мәні өте зор құндылықтар. Елбасы кітапханасы қорында сирек кездесетін,

коллекциялық және көне басылымдар сақталған: Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Миландағы

Амброзиан кітапханасы тарту еткен Леонардо да Винчидің сызбалары бар альбом, Елбасына

қазақстандық ғарышкер Т. Мұсабаев сыйлаған ғарыш айлағында болған Құран, Қасиетті Құрандар

топтамасы, Ресей императоры Александр ІІ кітапханасында сақталған Ф. Шлоссердің «Всемирная

история» кітабы, 1838 жылы жарық көрген Энциклопедиялық лексикон және басқалары.

Сонымен қатар Елбасының Жеке архивіндегі құжаттар тәуелсіз және егемен Қазақстанның

қалыптасу үдерісін, президенттік институттың қалыптасуын, жас елдің мемлекеттік құрылуын,

жаңа елорданың қалыптасуын, заң шығарушы және атқарушы биліктің кемелденуін, басқару

аппаратын жетілдіруді, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси дамудағы жетістіктерді

сипаттайды.

hhhhh122 hhhhh122    3   26.04.2021 12:29    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi