Мәтінді мұқият оқы, сұрақтарға жауап бер, тапсырмаларды орында. Қазақ даласын асқақ та жігерлі күйлерімен тербеген ұлы күйші-сазгер, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы, XIX ғасырдың басында, яғни, 1818 жылы Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жерде дүниеге келген.
Шыққан тегі – Кіші жүз. Құрманғазының әкесі Сағырбай өнерден алыс, қақ-соқпен ісі жоқ, қарапайым шаруа адамы болатын. Шешесі Алқа адуынды, бірбеткей, ер мінезді кісі болған.
Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтипатына бөленді.Ұлы күйшілерден тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы күйшісі-сазгері атанды. Құрманғазының күйлері қазақ елінің әлеуметтік жыр-сыры. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы болды.
Құрманғазының «Айжан қыз», «Балбырауын», "Қайран, шешем", "Кісен ашқан", "Сарыарқа", "Қош, аман бол", т.б. күйлері қазақ халқының мәдени мұрасына айналған.
Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретін сұрақтар құрастыр.