Мәтінді мұқият оқы. Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.

Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.

Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.

Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.

1-Мәтін не туралы, мәтінге ат қойыңыз?

shum2 shum2    3   11.05.2021 18:07    0

Ответы
КамиляУшурова КамиляУшурова  11.05.2021 18:10

Матинде табигат туралы айтылган матинге Сулу табигат деп ат койамын

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
meowth1 meowth1  11.05.2021 18:10

тақырып:оқжетпес

Мәтінде Бурабайдың баурайында орналасқан Оқжетпес тауының тарихы жайлы баяндалады. Өмірінде жауырыны жерге тимеген ердің жаудың қолына өліп,қорлық көргенше,Құдайдан тасқа айнплдыруын сұрауын артық көреді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi