Мәтінді мұқият оқы, мәтін ішінен жалпы және жалқы есімді тауып, дәптерге жаз. Бата ғасырдан-ғасырға ұласып, бізге жеткен асыл қазына- ауыз әдебиетінің арналы бір саласы. Батаны халқымыз киелі тілеу деп бағалайды. Оған дәлел: « Бата-сөздің анасы», « Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Ботаның құны бір-ақ жұт, бата- балаға мәңгі құт», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас».Бата түрлері:Ұлыстың ұлы күні берілетін баталар, сапарға бата, дастарқан батасы, соғым батасы, тұсау кесер бата, әскерге баратын жастарға,туған күнге бата, қыз балаға бата, ұл балаға бата, жас жұбайларға бата, ұзатқан қызға бата. Бата халық ауыз әдебиетіне жатады. Батаны үлкен адам береді. Оны айтқанда қол жаяды. Қол жаю осы айтылған сөздер менің қолыма түссін дегенді білдіреді. Бата өмірдегі өте маңызды жағдайларға айтылады. Батада табыс пен жетістік болсын деп тілейді. Батаның тәрбиелік мәні зор. Бата беру әрқашан көкейкесті болды