Мәтінді екі рет оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Америкалық Microzap компаниясы 60 күнге дейін нанды көгертпей сақтауға болатын

технологияны ойлап шығарғандығын хабарлады.

Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен. Компания директоры Дон

Сталл бұл пештің әртүрлі бактерияларды өлтіру үшін қолданылатынын айтты. Нанды

пісіргеннен кейін екі апта өткен соң, нан сол қалпы пештен жаңа пісіп шыққандай

формасы мен түрін сақтап тұрады. Бұл әдіс азық-түлік санын үнемдеу үшін өте пайдалы.

Себебі қазіргі кезде АҚШ тұрғындары сатып алынған нанның үштен бір бөлігін бұзылып

кететіндіктен лақтырып жібереді екен. Нанның бұзылуына қарсы бұл құрылғының

көмегімен ет, тауық еті және тағы басқа көгөністер мен жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт

сақтауға болады екен. Сол себепті болашақта жаңа өнертабысқа деген халықтың

сұранысы да артуы әбден мүмкін.

1.Мәтіннен ең маңызды 3 тірек сөзді теріп жазыңыз.

2.Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.

А) Жаңа әдіс нан құрамын бұзатын бактерияларды жояды екен

В) жеміс-жидектерді де ұзақ уақыт сақтауға болады екен

С) Келешекте өнертабысқа сұраныс артуы мүмкін.

D) Американдықтар нанның біраз бөлігін қоқысқа тастайды.

3.Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өз ойыңызды сөйлем құрау арқылы білдіріңіз.

Тұрақты тіркестер:

1) үш ұйықтаса түсіне кірмеген,

2) көздің жауын алатын,

3)қас пен көздің арасында

Тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды

өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала

алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің

авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым.

Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.

Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра

алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.

Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға

кетер еді. Неге су тегінге саттың?» – деп сұрап еді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не

одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша

жинайтын адам табыла ма?» – дейді.

4.Басты кейіпкердің саудамен қандай байланысы бар? Оның адамгершілік қасиетін

сипаттап, мәтіннен дәлел келтіріп өз ойыңды саудамен байланыстырып жазыңыз​

KATIAqwerty KATIAqwerty    1   18.10.2020 23:13    15

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi