Мәтінді екі рет оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.
Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.
Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: «Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетереді. Неге су тегінге саттың?» – депсұрапеді, суретші: «Иә, бұл суретті миллионға не одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін бір жыл бойы ақша жинайтын адам табыла ма?» – дейді.
Тапсырмалар
1.Мәтіннен ең маңызды 3 тірек сөзді теріп жазыңыз.
2.Автор көзқарасы берілген сөйлемді белгілеңіз.
А) Бұл туынды өте қымбат.
В) Бір жылда аздап ақша жинайды.
С) Суретті сатып алу үшін жыл бойы ақша жинайтын адам табыла ма?
3.Берілген тұрақты тіркестерді қолданып, өз ойыңызды сөйлем құрау арқылы білдіріңіз.
Тұрақты тіркестер:
1) төбесі көкке жету (қуану)
2) көзі шарасынан шығу (қорқу)
3) ине шаншар жер жоқ (тығыз,толық).
ОЧЕНЬ НАДО
1. Кішкентай бала, әдемі туындыны, балаға сатады.
2.С.
3. Тут уже ответа не знаю(
Объяснение: