Мәтінді 2 рет оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Маяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күрестің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерексі ретінде аталып келеді.
Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әр түрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.
(144 сөз)
1. 1 мамыр күнінің құрметіне серуендеу мен салтанат мейрамының себебін жазыңыз.
2. 1995 жыл – Қазақстан үшін қандай жыл?
3. 1886 жылы – Чикагода қандай жағдай болды?
4. Айтулы мейрамды алғаш рет атап өткен мемлекеттер