Мәтін үзіндісін мұқият тыңдаңыз. Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжаңыз.
Достық
Мектепте оқып жүрген кезім еді. Сыныптас болған
баланы сабақтан шығып үйге кетіп бара
жатқанымда көрдім. Есімі Роберт еді. Барлық
кітаптарын және рюкзагын арқалап үй жаққа
кетіп бара жатты. Сол кезде кітаптарын сыныпта
тастамай, үйге арқалағанына қарағанда басты
көтермей сабақты оқитындардан болар деп
ойлағаным есімде. Өзімді көрші аула
балаларымен ертең ойнатылатын футбол
матчынан басқа ешнәрсе қызықтырмайтын. Бір
кезде бір топ майда балалар жүгіріп өтіп, Робертті
қағып жібереді де, Роберт бір жаққа құлал,
кітаптары басқа жаққа шашылып қалады.
Көзіндегі көзілдірік те түсіп кетті. Роберт басын
көтергенде көздерінен үлкен бір мұң көрдім,
қасына жүгіріп барып, кітаптарын жинастыруға
көмектестім. Роберттің көздерінде көз жасын
көргенде, қолдау ретінде «Сол жүгірмектерді
қойшы. Оған бола ренжігенің не!», - дедім. Осы
кезде Роберт «Рақмет» деді де, маған қарап
күлімдеді...
Оқиғаның дамуын болжап айтыңыз
Мектеп бітіргенге дейін екеуміз бір - бірімізге ең
жақын дос болдық. Кейін ол Нью-Йорктағы
университетке, мен Техастағы университетке түсіп
кеттік. Мыңдаған километр қашықтықта болсақ,
та, достығымыз университет жылдары да
жалғасын тапты. Роберт университеттің ең үздік
студенті болғаны үшін, университет әкімшілігі
оған университетті бітіру салтанатында сөз
сөйлеуді ұсынды. Сол күні Роберт студенттер мен​

kelenad1999 kelenad1999    2   02.12.2020 11:32    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi