Мәтін үзінділерінен көтерілген мәселені анықтаңыз.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі
– «ұлттық ойындар» баланы іс-әрекетке,
адамгершілікке, ақыл-ойын жетілдіруге,
отансүйгіштікке, салауатты өмір сүруге
тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. «Адам
ақылымен сымбатты» деп білген халқымыз
тұрмыс-тіршілікке байланысты туған ұлттық
ойындарды бала тәрбиесіне, дене тұрғысының
дамуына, сөздік қорының молайуына лайықтап,
шебер пайдалана білген. Балаларға арналған
ойындар тәрбие мәселесімен астасып жатыр.
Мысалы, жастардың кешкілік бас қосып, ән
айтып, домбыра тартып, қыздар-жігіттер болып
айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін
«алтыбақан» ойыны, кей жерде «сақина салу»,
«сақина тастау» деп аталатын «ақшамшық»
ойыны. Ұлттық ойындарымыздың арасында
халықтық сипат алған ойындарымыз да бар.
Олардың қатарына көкпар, бәйге, аударыспақ,
қыз қуу, тоғызқұмалақты тағы да басқа
ойындарды жатқызсақ болады. Жалпы,
қазақтың ұлттық ойындары ерлік, өрлік,
өжеттік, батылдық, шапшаңдық қасиеттерімен
қатар әділдік пен адамгершілікті жоғары
ұстаған. Көшпелі қазақ халқының өмір-салты
денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну
өнері жас баланы сезімі мен денесін
жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне
айналған. Жастайынан аттық құлағында
ойнауға бейімделіп, соған тырысқан.
Тоғызқұмалақ сынды ойындар адамның ақыл-
ойын жетілдіруге арналған. Шығу тарихы 4 мың
жылдық кезеңді қамтиды. Қазіргі таңда елімізді
бүл ойын түрінен жеке қауымдастық ашылып,
әр жерде тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс
істеуде.
ну мне нужноо

dimsa97 dimsa97    2   26.10.2021 02:51    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi