Мәтін сөйлемдерінің интонациялық ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер. Шыдай алмай, жүгіртіп сырғанаққа бардым. Міне, қызық, шана жүрген Аян екен. Мені көріп, бұрылды да: Жур, ойнайсың ба? – деп дауыстай сөйледі.
Қойшы, тун жарымында есі дұрыс адам ойнай ма?
Ойнағанда қандай. Туу, сен өзің мынадай айлы,
жарық тунде ойнап көрмедің бе? Айлы тунде шанаға
сиқырлы қанат бітеді... – деді де, Аян жугіре жөнелді.
Сәлден кейін көшенің басына шығып ап, тағы да жер
көшкендей қып букіл ауылды жаңғырықтыра гурілдетіп,
шанамен төмен қарай жұлдыздай ақты. Дәл мен тұрған
тұста кішкентай төмпешік бар болатын, зулап келген
шана әлгі төмпешікке жеткенде есік пен төрдей жерге
бір-ақ ырғыды да, табанынан от жарқ етіп, өте шықты.
Аян қолын көтеріп:
— Уp-pa! – деп айғайлады.
Маған, шынында да, ол теуіп журген шанаға сиқырлы
қанат біткендей көрінді...