Мәтін Әр халықтың өзінше дәстүрі бар. Дәстүрдің де жақсы-жаманы болады.
Жаманы жолшыбай қалып қояды, жақсысы ғасырдан ғасырға кете барады.
Қазақ дәстүрі ата-ананы, үлкенді сыйлауға баулиды. Үлкенге сәлем беру,
жол беру, алдынан көлденең кесіп өтпеу, қонақты қарсы алу, төрге шығару,
жақсы қабақпен аттандырып салу, жолдас-жораға қайырымды болу сияқты
дестүрлер өмір бойы ескірмейді.
Халықтық жақсы дәстүрлерді ешбір ұлы адам аттаған емес, әрбір жас дәc-
түрді қорғаушы, орындаушы әрі дамытушы болғай-ақ.
Оқылым мәтінінен айтылғанда ерін үндестігіне сәйкес өзгеріске ұшырайтын сөздерді
теріп жазып, орфоэпия заңдылығына қарай дұрыс оқыңдар.