Мәтін мен өлеңді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.\Внимательно прочитайте текст и стихотворение и выполните следующие задания Сыйлық алудың да белгілі бір этикет ережелері бар.
Біріншіден, сыйлықты алған кезде оны ары таман жерге қоймау керек. Лезде қабын шешіп, сыйлықты бағалап, алғыс сөздерін айту керек. Сонымен қатар, сыйлық алар кезде, сыйлықты берер қолына емес, сыйлық берушінің өзіне, көзіне қарау керек.Егер сыйлық ұнамаса да әрқашан осылай істеу керек.Алғыс айту- бұл біріншіден көңіл білдірушілік пен сыйласымдық белгісі.
Сіздің көзқарасыңыз бойынша мүлдем керек емес немесе қымбат емес сыйлық алған кезде алғысыңызды ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар бұл тамаша сыйлық екендігін айту керек.
Егерде біреу сыйлықсыз келсе, оны басқалармен бірдей қабылдап, уақытын бөліп келгені үшін алғыс білдірген жөн.
Көкем сыйға үш шар берді,
Үш әріпті жаздым оған!
«А-н-а» деген сөзді көрді,
Алғыс айтты анам маған.
Қалықтады қатар түзген
Үш әріпті «ұшақтарым»:
«Құттықтаймын тойыңызбен!» –
Деп апамды құшақтадым.
1-тапсырмаБерілген мәтіндерді салыстырып, тақырыбы мен жанрын анықтаңыз.\Сравните приведенные тексты и определите тему и жанр.
Тапсырмалар Оқушының жауабы мәтін өлең
А)тақырыбы
В) жанры