Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. / Прочитав текст, ответьте на вопросы. Домбыра - қазақ халқының көне музыка аспабының бірі. Домбырамен күй тартады, халық әндерін сүйемелдейді. Қазақ халқының атақты күйшілері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина өздерінің күйлерін осы домбырамен шығарған.
Бұл жөнінде көрнекті ақын Мұқағали Мақатаев былай деген:
Домбыра, жүрегіммен үндес едің,
Өзіңмен сырласымдай тілдесемін.
Бабамнан қалған мұра сен болмасаң,
Өнердің не екенін де білмес едім.
Біздің заманымызға қазақ халқының ән-күйлері, жыр-дастандары осы домбыра арқылы жеткен. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп, үйінің төріне іліп қояды.
Сұрақтар:
1.Домбыра қай халықтың музыкалық аспабы?
2.Домбыра не үшін қолданылады?
3.Қазақ халқының қандай күйшілерін білесің?
4.Домбыраны қазақ халқы қалай қастерлейді?

залипушечка залипушечка    3   12.02.2021 16:30    0

Ответы
luiza151661 luiza151661  12.02.2021 16:40

1. Домбыра қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы.

2. Домбыраны күй тарту үшін қолданады.

3. Қазақ халқының атақты күйшілері: Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина.

4. Домбыраны әрбір қазақ қастерлеп, үйінің төріне іліп қояды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
mordecaill122 mordecaill122  12.02.2021 16:40

1.Домбыра- қазақ халқының музыкалық аспабы

2.Домбырамен күй тартады,халық әндерін сүйемелдейді

3.Құрманғазы,дәулеткерей дина және т.Б

4.Үйінің төріне іліп қойып,қастерлейді

Объяснение:

Удачи!

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi