Мәтін «Көшпелілік — көшпелі халықтардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі, шаруашылық-мәдени типі. Еуразия даласын мекендеген көшпелі халықтардың негізгі өндірістік құралына айналған мал шаруашылығы тамақ өнімдерін беріп қана қоймай, айырбас үшін де пайдаланылды.
«Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау болды. Көшпелілер уақыт пен кеңістікті игеруі, танып түсінуі нәтижесінде көшіп-қонып, табиғаттың колайлы белдеулерінде орналаса отырып, мәдениет пен климат ерекшеліктерін ұтымды қолдана білген. Мысалы, Қазақстанда ерте заманнан бері маусымдық жайылымдар пайдаланылған. Жауын-шашыны молырақ Арканың теріскейіндегі орманды-далалы алқапты, оңтүстік-шығыстағы таулы өңірді жұрт ең алдымен жайлау, ал шығыс және ортаңғы аймақты қыстау ретінде пайдаланып келген. Көктеу мен күзеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан. Қалыптаскан дәстүр бойынша маусымдык жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен мал қыстайтын жерлерден басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Қатал даланың табиғатын танып түсіну, оның ішкі заңдылыктарын терең білу, болжай білу — мұның бәрі көшпелілер мәдениетінің маңызды жақтарын көрсетеді. «Құрғақ даланы, — дейді ағылшын тарихшысы, социолог А. Дж. Тойнби (1889-1975), — тек бақташы ғана меңгере алады, бірақ сол далада тіршілік етіп, табыстарға жету үшін ол өзінің шеберлігін тынбай жетілдіре беруге міндетті, ол ерекше адамгершілік және парасаттылық қасиеттерді калыптастырады.» Малшылык егіншіліктен көрі күрделілеу, өйткені дихан табиғат өнімдерін тікелей тұтынса, көшпелілерде мал табиғи өсімдіктерді өңдейтін механизм тәрізді.
2-тапсырма. Мәтін бойынша 3 проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.
1.
2.
3.

katelove8 katelove8    3   19.10.2020 11:09    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi