Ә мәтіні Күләш Ахметова, ақын:

- Баланы ата-әжесіне не басқа туысқандарға беруді мен өзім құптамаймын. Ата-ананың мейірін көрмеген бала, ананың омырауын ембеген бала ата-ана тәрбиесінде өскен баладан өзгеше болады. Әр бала ата-ананың бауырында өсуі керек деп есептеймін. Бірақ енді біздің халқымыз дархан, жанашырлық қасиеті керемет дамыған халық емес пе?! Бала сүйе алмаған бауырларына баламызды атап жатамыз. Оны баланың өзіне де айтпаймыз. Ертең күндердің күнінде ол бәрібір бір жерден біліп, жүрегіне ауыр қабылдап жатады. Бұл – үлкен гуманистік шешім. Ата-ана шамасы келіп тұрса баланы өзі тәрбиелеуі керек, баланың өз үйінде өскені жөн. Менің өзімнің басымнан өткен, балаларымды кезінде жарты жылға елге апарып тастағаным бар. Келген кезде өзгеріп келді. Өскен кезде өз әке-шешесін не деп атарын білмейді. Бұл – сәбидің ғұмырына жететін қателік. Оның үстіне, қазір әйелдер бұрынғыдай он баладан тауып жатқан жоқ. Айналдырған бір-екі перзентін біреуге беріп қайтеді, өзі тәрбиелей алады ғой. Уақыт өте бұл үлкендер жаққа да кері әсерін тигізеді. Бала берген жақ та, алған жақ та іштегісін бір-біріне айта алмай, қиналып жүреді. Бұрынғы заманда білінбеген де шығар, барлығы бір үйде тұрған. Ал, қазіргі заман басқа".

ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІК ПЕН СТИЛЬ КЕРЕК

суперкрут1 суперкрут1    3   14.05.2021 06:46    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi