Мәтін бойынша жұмыс: Дамыған елдерде экономикалық қуатты күші ретінде шағын бизнес ерекше рөл атқарады. Шағын және орта бизнес өркендесе,халық кәсіпкерлікпен шұғылдануға бейімделсе,мемлекеттің экономикасының да қарқын алатынын дамыған елдер әлдеқашан түсінген. Жыл санап ішкі жалпы өнім үлесінің өсіп келе жатқанына , еліміздегі кәсіпкерлік нысандарының қатары еселеп артқанына қарасақ,шағын және орта кәсіпкерлік Қазақстан экономикасының аса маңызды секторына айналуға бет бұрды деуге болады. Әсіресе соңғы бірнеше жылдың ішінде ол айқын байқалады. 2014-2016 жылдары ІЖӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі 17-18 пайызға дейін артса,өткен жылы 27 пайызға жетіпті. 2012 жылғы 6,1 пайызбен салыстырсақ,бұл-ауыз толтырып айтуға тұратын көрсеткіш. Оның үстіне,ірі бизнестің табысымен салыстырғанда ,шағын және орта бизнестің үлесіндегі табыстың өсім қарқыны айтарлықтай жоғары.2016 жылы шағын бизнес нысандарының табыс көлемі 6,6 триллион теңгені құрап, өсім қарқыны 43 пайызға жеткені осыны көрсетеді.
Укажи виды числительных