Мәтін бойынша төмендегі кесте бағандарын толтыр. (7, 13, 17 беттердегі ережелерді еске түсір)
«Жеті қазына» әр елдің тұрмыс-тіршілік салтына, таным-нанымына қарай әртүрлі
айтылатылуы − табиғи нәрсе. Ертедегі грек-аңыз әңгімелерінде жиі кездесетін "жеті
қазына" өзге халықтарға, оның ішінде қазаққа да тән деуге де болады. Өйткені мұндай
айтылатындардың барлығы адамзатқа ортақ. Оны былайша таратады.
Біріншісі − Аспан. Аспан дүние жаратылыстың тылсым құпия сырларын аясына
сыйғызып тұр. Өмірге пана болып, аспан денелерінің қалпын сақтап тұрған көк күмбез −
планеталар мен жұлдыздардың құтты мекені.
Екінші қазына − Күн. Күн − әлемдегі тіршілік тірегі. Күллі адамзат, өсімдіктер
әлемі, құрт-құмырсқа, жан-жануар күннің шуағынан нәр, күш-қуат алады. Күнсіз тіршілік
Үшінші қазына − Ай. Ай − әлемнің түнгі нұры. Ай болмаса дүниені қара түнек
басар еді. Жаратылыстың түнгі ырғағы бұзылады.
Төртінші қазына − Жер. Жер − барлық тіршілік иесінің анасы. Жер болмаса,
ешнәрсе өсіп-өнбес еді.