Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын аттастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Аттастырылып қойған Қозы мен Баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар, айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.
Баян мен Қозыны аттастырған кімдер?

Ғашықтардың арасына түскен кім?

Құдықтың түбіне кім құлайды?

Баян қалай өледі?

FrostMorne FrostMorne    1   26.02.2021 05:59    3

Ответы
Ернур150400 Ернур150400  28.03.2021 05:59

Сарыбай мен Қарабай атастырады

Ғашықтардың арасына түскен Қодар

Құдықтың түбіне Қодар құлайды

Баян өз өзіне қанжар салып өледі

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi