Мәтін бөлімдерін талда I. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін мәселе . Әрбір құқықбұзушылық пен қылмыс – отбасы үшін орны толмас қайғылы оқиға . Қылмыстың нәтижесі біреуді өлімге , енді бірін мүгедектікке апарса , біреу өз өмірінің болашағына балта шауып , темір тордың ар жағында қалады . Қалай десек те , құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық . ІІ . Жалпы , жастардың және жасөспірімдердің қылмыс жасау мәселесі құқық қорғау жүйесінің ғана емес , сонымен қатар отбасының , барша мемлекеттік ұйымдардың үнемі қадағалауын талап етеді . Жастар арасындағы қылмыс қашан да ұлт тұтастығы мен ел болашағына қауіп төндіріп , қоғамымыздың ары қарай дамып өркендеуіне кері әсерін тигізетіні анық . ІІІ . Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы – дәуір қасіреті . Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70 пайызы жас адамдар . Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады ? Қоғам желіктіріп тұр ма , жоқ , әлде тәрбие таяз ба ? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын , халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады . IV . Астана қалалық сотының мәліметінше , соңғы жарты жылда кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен елордада 43 қылмыстық іс қозғалыпты . Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16 - ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі . Алайда адам өлтіру , қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру , адамды ұрлау және т.с.с. ауыр қылмыс жасаған тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады .​


Мәтін бөлімдерін талда I. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау – бүг

nastyan00 nastyan00    3   15.03.2021 11:28    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi