Мұсылман мейрамдары мен салт - жоралғылары. Мәтінді пайдаланып, төл сөз бен төлеу сөзге үш мысал келтіру. Рамазан айт. Бұл мейрам мұсылмандардың ораза тұтатын Рамазан айы аяқталып Шәууал айының 1 - күні басталады. Ол үш күнге созылады.
Құрбан айт. Үш күнге созылатын бұл мейрам мұсылман күнтізбесі бойынша Ораза айтынан 70 күннен кейін Зұлхиджа айының 10 - ы күні басталады. Құрбан айтта мұсылмандар Айт намазын оқып, құрбан шалады.
Мәуліт мерекесі. Мәуліт – Мұхаммед пайғамбардың туылған күні. Мәулітте құран оқылып, Мұхаммед пайғамбарға салауаттар айтылады.
Қадір түні. Құран кітабы түскен, адамдардың күәсі кешірілетін, бір жылғы ырзығы белгіленетін, жақсылығының сауабы еселенетін, дұға тілегі қабыл болатын, Алланың мейірімі жауатын ең қасиетті түн. Қадір түні Рамазан айының 27 - түні болады. Бұл түнді мұсылмандар құлшылықпен, мінәжатпен өткізеді.
Құрбандық шалу – Жаратушыға жақындау үшін жасалатын құлшылық міндеттердің бірі, құрбандыққа негізінен түйе, сиыр, қой немесе ешкі сойылады. Құрбан етінің үштен бірі отбасына қалдырылып, 2 - бөлігі ағайын - туысқа, көршілерге немесе жолдас - жораларға беріліп, 3 - бөлігі тұрмысы төмен кедейлерге, жетім - жесірге таратылады.

Ghasty Ghasty    1   23.01.2021 21:35    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi