Мұстафа Шоқай туралы мәтіннен ақпараттар іріктеңіз. Өз бетіңізше газет-журнал,энциклопедия, сөздіктерден ақпараттар жинақтап көріңіз, авторына сілтеме жасаңыз. Мұстафа Шоқайдың сан қырлы таланты өз халқының бай ауыз әдебиеті мен ән-күйінен бастау алады. Жас кезінен оны қоршаған ортада дәстүрлі мәдениет өкілдері молынан ұшырасатын. Халқының әдебиеті мен мәдениетін терең білетіндігіне орыс ғалымдарының (Самойлович, Радлов) Мұстафаның студент кезінде-ақ көздері жеткен. Кейін еуропалық өркениет орталықтарында небір саяси қайраткерлермен айтысқан кезінде де, Лондондағы Корольдік халықаралық қатынастар институтында екі сағат бойы таза француз тілінде дәріс оқыған шағында да ойына ой қосып, бойына қуат беріп тұратын өз халқының рухани қазынасы сыйлаған тылсым құбылыс оны бүгінгі күннің Демосфеніне айналдыратын. Оған – осы дәрістен кейін аузымен құс тістеген ағылшын ақсүйектерінің – саясаткерлері мен ғалымдарының түрегеліп тұрып қол соғуы дәлел. Ол сөйлеп кеткен кезде Керенский, Милюков секілді кәнігі орыс қайраткерлеріне де дес бермейтін. Замандастарының оны «шешен» деуі де сондықтан еді.