М.Шаханов сөзіндегі кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім бола алатын жолдарды ажыратыңыздар. Оларда қандай ойлар айтылғанын жазыңыздар.

Жаңа қазақ, шала қазақ — жас інім,
Алшысынан тұрды бүгін асығың.
Саған қарап ойландым да, жасыдым.
Айырмаған азғыны мен асылын
Мына ғасыр, бәлкім, сенің ғасырың.
Мына ғасыр безбүйректеу өр ғасыр,
Жүрегінде сезім емес, қорғасын,
Шетке қақты тұлпары мен жорғасын.
Қақпай қайтсін, бәрін сатып алуға
һәм сатуға мүмкіндігі болғасын.
Сенде қазір думан дәурен, масат күн,
Өзіңді-өзің бар жауаптан босаттың,
Рухани байлыққа да тас аттың.
Аудандағы жалғыз кітап дүкенін
Сатып алып, сырахана жасаттың.
Тез ашылып саудагерлік дарының,
Таудан, тастан қайтпастай өр арының,
Саудаладың Алматының жарымын
Ұлағатты ұлы қазақ елінде
Сатылмайтын байлықтар да бар, інім.
Жалғыз саған борыштыдай бар халық,
Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып,
Кейкиесің қол беруге арланып.
Дегенмен біз сені туған ұлттың
Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар,
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал,
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар.
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден
Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар?
Асау даусы әр қиырдан естілген
Ағаң бізбіз, ерте есейіп, кеш күлген.
Аман қалған талай қарлы көшкіннен.
Уақыт артқан абырой мен беделі
Сұрап, сатып алынбаған ешкімнен
Үйге тапсырма:
.

Kenny22332 Kenny22332    2   08.04.2020 07:51    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi