Өмірдің өзі болашақ Балалық шақ шектеулі
Ойнамайтын кезде асып сап
Қайта оралып келмейтін
Балалық шақтың қызығы

Өлеңді қара сөзге айналдырып жазу керек

Quickpool Quickpool    3   12.12.2021 12:58    0

Ответы
Zhernakova Zhernakova  12.12.2021 13:00

Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті. Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi