Өмірбаян (үлгі) Мен, Серік Жұмаділұлы Қалымбетов, 1984 жылы Оңтүстік Қазақстан обылысы, Бәйдібек би
ауданы, Боралдай ауылында қызметкерлер отбасында тудым.
1990-2001 жылдар аралығында Шымкент қаласындағы 3. Шүкіров атындағы №20 орта
мектепте оқыдым. Мектепте оқып жүргенде үздік окушы екенімді көрсете білдім. Әр түрлі
қоғамдық жұмыстарды атқардым, спортпен шұғылдандым.
Ата-анам бар: әкем - Ж. Қалымбетов Шымкент қаласында жекеменшік кәсіпорнында жұмыс
істейді. Шешем ~ 3. Қалымбетова Шымкент қаласындағы №20 орта мектепте орыс
тілінен
сабақ береді.
2001 жылы аталған мектепті бітірген соң, Қазақстан-Британ техникалық университетіне
мұнайшы-инженер мамандығын алу үшін оқуға түстім.
Бүгінгі таңда осы оқу орнының 2-курс студентімін, мен үйленбегенмін. Ағылшын тілімен
шүғылданамын, компьютерлік курсқа барып жүрмін. Алдыма қойған мақсатым: білімді
маман болып шығу.
Мекен -жайым: Алматы қаласы, Тастақ-1 ықшамауданы, 9-үй, 53-пәтер, тел.40-02-05.